Мен, Кенесбек Шолпан Ерболатқызы, 11 сынып оқушысымын. Виннер мектебінің түлегі ретінде барлық оқушыларға осы жобаға қатысуға кеңес берер едім. Бұл жобаның маған үлкен әсері тиді. Математикадан деңгейімді көтеруден бөлек, өзімнің өмірлік мақсаттарымды айқындай түстім. Қазіргі сәтте ұбт байқау сынақтарынан 37-39 балл жинаудамын. Бұл- виннер мектебінің бірден-бір қосқан үлесі. Бұл жобада тек іш пыстырарлық сабақтар немесе шектеулі уақыт ішінде есептер шығару ғана емес. Топтық жұмыс арқылы достықтың маңызын түсінуді, адамдармен қарым-қатынас құруды үйренеміз. Сол арқылы сабақ барысы өте қызықты және нәтижелі өтеді. Яғни, өз-өзімізге қатты қысым көрсетпей, оңай математика пәнін толық меңгеруге мүмкіндік бар. Математиканы оқи жүріп, жаңа жақын достар табуға, өзіңді жаңа қырыңнан танытуға, өнеріңді жетілдіруге, ашылуға, өзіңе деген сенімділікті арттыруға, мақсатқа жету жолында тайынбауға, шешім қабылдай алуға, соңында нағыз көшбасшы атануға, жетістіктерге жетуге қадам басасың. 7 апталық бұл жоба адамды өзгерте алады дегенге мен де сенім білдіре алған жоқпын, бірақ алғашқы күннен бастап, жаңа өзгерістер пайда бола бастады. Жобаға қатысқаныма және сол мектептің түлегі атанғаныма өте қуаныштымын. Басқа оқушыларға да шын кеңес берер едім. Осы мектепке келгендеріңіз үшін қуанбасаңыздар, өкінбестеріңіз анық.
Кенесбек Шолпан
Ученица 11 класса лицея 178